КҮНДІЗГІ

lat: KÚNDİZGİ

сын. 1. Ертеден кешке дейінгі аралықтағы, күні бойғы, күнұзақтағы. Ай, жұлдыз, ағарған таң, жарық күн бар, Жазғы құс, жапырақта қандай мін бар? К ү н д і з г і харекеттен босағанда, Өзіңе-өзің тиген тәтті түн бар (Абай, Тол. жин.). 2. Күндізгі уақыттағы. К ү н д і з г і біз көрген жолаушылар күн батып, қой қоралаған мезгілде осы қораның алдына келіп тоқтады (М.Әуезов, Қараш.). Бір кезде діріл қағып к ү н д і з г і ауа, Мұңлы бір үнге толды байтақ дала. Сол бір үн аралайды әлем жүзін, Тыңдаған жан біткенді мұңға мала (Ә.Әленов, Әлімқара).