сын. 1. Күндізгі сияқты. К ү н д і з г і д е й ол құдық жарық болып, Құдықтың һәммә іші нұрға толды (Ғашықтық дастан.). Машина электрический және келді, Жарық боп май мен отсыз жана берді. Түн болса шәһар іші к ү н д і з г і д е й, Әлбетте, бұл әсері ғажап енді (М.Дулатов, Шығ.). Жусап жатқан шоқыдан, Жарқырайды түнде оттар . К ү н д і з г і д е й жақыннан Көрінеді курорттар ( С.Мәуленов, Жолдас). 2. Жап-жарық, ап-айқын, жарық. Қақпаның алды электр жарығынан к ү н д і зг і д е й екен (С.Мұқанов, Ботагөз). Андыздаған көп жұлдыз бен ай жарығы к ү н д і з г і д е й (Ж.Тілеков, Қайнар).