үст. 1. Күн сайын, араға күн салмай, күніге. Ақық күнде сабаққа келгенде, молданың оң жағында жататын екі көк шыбыққа к ү н д е көзі түскенде, оны ылғи сол үрей билейтін-ді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Ол к ү н д е жаман киініп, жабайы кісі болып шәһәрді, базарды аралап жүреді екен (Қаз. ертег.). 2. Жиі, үнемі. Замана, шаруа, мінез к ү н д е өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф Алла еш жерде өзгермеді (Абай, Тол. жин.). Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген, Еркелік пен достықты ауру көрген. Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты. К ү н д е көріп, тұл бойы жиіркенген (Абай, Тол. жин.). Тағы сене бастаймын, К ү н д е алдағыш қуларға. Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма? (Абай, Тол. жин.). Домбыра алып сөйлеймін, К ү н д е жасап мереке, Мерекелі болған соң Елде болар береке (Жамбыл, Шығ. жин.). 3. Етістіктермен тіркесіп, жағдайда, өзінде деген мағынада жұмсалады. Хан болып шыққан биігі құлаған құзы екенін Кенесарының өзі түсінбеген к ү н д е де оның жанында Таймас, Сидақ қожа секілді ақылды адамдар бар емес пе, олар неге түсінбейді? (І.Есенберлин, Қаһар.).