КҮНДЕЛІК

lat: KÚNDELİK

зат. 1. Жеке адамның өз басынан өткен-кеткенін немесе әр күнгі оқиғаны, жай-жағдайды тізіп жазып отыратын дәптері. Қарапайым к ү н д ел і к т е р д е көбіне жеке адамның өміріне қатысты деректер сөз етіледі (ҚҰЭ). К ү н д е л і к болған уақиғаның ізімен күнбе-күн жазылатындықтан нақтылық, деректілігі мен адамның өзі көргенілген нақтылы жайжағдайдан, болған істен алған әсерін танытатын сыршылдық сипатымен де айрықша құнды болады (Әдеб. терм. сөзд.). Жолында кездескен алғашқы автомат-телефоннан Зәурешке телефон соғып, дереу өз күнделігін қайтарып алатынын, Зәурештің к ү н д е л і г і н қайтарып беретінін айтты (Ә.Әлімжанов, Махамбет. ). 2. әдеб. Жазушының, ғалым не саяхатшының өз көзімен көріп-білген жайларын есте сақтау үшін жазатын публицистикалық шығарманың бір түрі. Алғашқы к ү н д е л і к үлгілерін жазғандар орта ғасырлардағы саяхатшылар, елшілер, жылнамашылар. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өз шығармаларында к ү н д е л і к түрін қолданды (мыс., И.С.Тургенев, М.Е.Салтыков-Щедрин, В.Г.Короленко т.б.) (ҚҰЭ). Әдеби шығармада кейіпкердің атынан берілетін к ү н д е л і к оның көңіл-күйін, мінез-құлқын, сырлы әлемін, ішкі сезімін неғұрлым терең ашып, әсерлі бейнелеу үшін қолданылатын әдіс (ҚҰЭ). 3. Мекемеде орындалған жұмыстардың тізімін, нәтижесін белгілейтін журнал. Лаборатория к ү н д ел і г і н е таңертеңгі орындалған жұмыстар тізімін белгіледім де, асықпай далаға шықтым (Т.Шаханов, Көгілдір.). 4. пед. Оқушының үй тапсырмаларын жазатын, алған бағаларын қоятын дәптері. Пионерміз саналы, К ү н д е л і к т е кіл бестік. Біздер ата-ананы Қуантамыз күнде өстіп (Ә.Дүйсенбиев, Қайырлы таң.).