КҮНДЕЛІКТІ

lat: KÚNDELİKTİ

сын. 1. Күн күнбе-күнгі. Жалпы сақтаған ақшаны өзі ұстайды. Әйеліне к ү н д е л і кт і тамаққа ғана жетерлік пұл беріп, қалғанын өзі алады (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.). 2. Қалыпты, дағдылы, әдеттегі, үйреншікті. Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы к ү н д е л і к т і өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді (М.Әуезов, Әр жыл.). Ерлік ердің өмірі, К ү н д е л і к т і жұмысы, Көншімейді көңілі, Шала қалса бір ісі (М.Әлімбаев, Балдәурен.). 3. Үнемі, әрдайым, күн сайын. Кейбіреулер тістерін к ү н д е л і к т і тазартпайды (Е.Оразақов, Дәрігерлік.).