екі қарсыластың бір-біріне күштері мен айла-тәсілдерін қолданып жығуы арқылы шамаларын сынайтын сайыс және дәстүрлі ұлттық ойын түрі. Қазақы ортада күресетін балуандар салмағын өлшенбеген, олар « күш атасын танымас » деген қағидамен кез-келген қарсыласпен күш сынасқан. Бұл ойын барысында кім басым болса екіншісінің жауырынын жерге тигізеді. Ал, екеуі бірін-бірі ала-алмаса итжығыс деп саналады. Күреске, көбінесе, жігіттер, кейбір кезде әйелдер да қатысады. Ойынның бұл түрі адамның бұлшық еттері қатайып, денесі ширақ болуға, төзімділік пен батылдыққа, ептілікке, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Той-думан, ас сияқты түрлі басқосуларда өткізіледі.