зат. 1. Екі адамның белдесіп, бірін-бірі жығуды, жауырынын жерге тигізуді мақсат етіп күш сынасуы. Ырғызбайдың өзге бір ерекшелігі жас кезінде үлкен ас, ұлы дүбір жиында к ү р е с к е түсетін үлкен балуан болған (М.Әуезов, Әр жыл.). Ат бәйгесінде қойшының аты озып келіп бірінші бәйге алады. К ү р е с т е қойшы ханның балуанын жығып, абыройлы болады (Қаз. ертег.). Қазақтың қаны қызар к ү р е с десе, ішкені ас болмайды күреспесе. Ауылдың сауын айтқан тойларынан, Бұл жиын асып кеткен әлденеше (Ғ.Малдыбаев, Желдірме). 2. саяси. Бас бостандығы, ұлт азаттығы үшін қарама-қарсы көзқарастағы топтар арасында болатын тартыс, қақтығыс, шайқас, соғыс. К ү р е с үшін, еркін, шаттық еңбек үшін туған сендер, Шақырыңдар, арттағы ұйықтаған, именшек, Бақыт жолын білмейтін бауырларыңды! (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Әскерлерге еріп ауылдан Естеміс бастаған он шақты азамат аттанды. Дуан түбінде жатқан он жеті ер сол жолғы к ү р е с т е қаза болған ел боздақтары (М.Дүзенов, Ақәже). Бақытты туып, батыр боп, К ү р е с т е Нұркен өлгенін Бұлар да жақсы біледі, Жалынмен жауды көмгенін (М.Әлімбаев, Биікке.). Ер Бөкше тұрып ақырды, К ү р е с к е кел деп шақырды. Астына мінген кер торы ат Жер тепкілеп шарқ ұрды (Батырлар жыры). 3. филос. Алуан түрлі қарамақайшылықтардың арасындағы талас, тартыс, day, бірін-бірі жецу жолындағы қимыл, әрек ет. Былайғы жұрттың ішінде ескі мен жаңалық к ү р е с і, өскелең индустрияны баурау к ү р е с і жүріп жатыр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). К ү р е с құбылысқа «тынышсыздық» енгізіп, оның жансыз болуына, қозғалмайтын болуына жол бермейтін, оның өзгеріп тұруына, дамуына себеп болатын, ескі формалардың жаңа формаларға мәңгі ауысып отыруына жағдай туғызатын творчестволық қозғаушы күш (Маркстік филос.). 4. Адамдардың табиғатты қорғау, азық-тулік молшылыгът жасау, бақытты өмір сүру жолындағы қимыл-әрекеті, ецбегі, шара yondanybi, andbrn алуы. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық дақылдарының арам шөптеріне қарсы к ү р е с т і ң химиялық әдістеріне көп көңіл бөлінуде (М. Н.Ерлепесов, Суармалы егін.). Бұл әңгіменің үстінде Почивалов: Жоқшылыққа қарсы к ү р е с т е, халықтың хал-жағдайын жақсарту үшін күресте үнді жазушыларының іс-әрекеті қандай? деген сұрақ қойды (Т.Ахтанов, Үндістан.).