зат. Жөң мен үлектен туған түйе. Нар маяны үлекпен шағылыстырудан туған бірінші ұрпақты жөң, екінші ұрпақты күрт деп атайды (Малшыларға кеңес). Оңтүстік Қазақстанның түйе шауашылықтарында нар маяға үлек шөгеріп, онан жөң, ал жөңге үлек шөгеріп к ү р т алады (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру). К ү р т пен жөңдердің сүттілігі аруанаға, ал жүндестігі мен сүтінің майлылығы қос өркеш түйеге тартқан (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру).