үст. 1. Бірден, тез, кенет, лезде. Осы жерге келгенде шал кенет демігіп кетті де, бейне көмейіне бірдеме тұрып қалғандай к ү р т тоқтады (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.). Бәрі де бұлай ойламаған жерден к ү р т бітеді деп кім білген (М.Жұмағұлов, Қыран.). Кірген емес түк ішіме Отырамын босқа тыңдап. Бір қараңғы түн ішінде Шешілді к ү р т әлгі жұмбақ (Ә.Оңалбаев, Өсиет). 2. Шұғыл, жедел. Еліміздің өнеркәсібі к ү р т дамыды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Алқапты сумен жеткілікті қамтамасыз ете отырып тыңайтқыштарды пайдалану картоптың шығымдылығын к ү р т арттырудың күшті құралы болып табылады (Б.Шағыров, Картоп). Егер топырақ құрамы к ү р т төмендеп кетсе, бір жылдан соң-ақ топырақ ауыстыру керек болады (Д.Әбілев, Помидор). 3. Ерекше, тосын . Ал «Талпақ танау»— коллективтік шаруашылық жағдайындағы шаруалардың сана-сезімдеріне ене бастаған к ү р т жаңалықтарды бейнелеуге құрылған әңгіме (С.Қирабаев, Октябрь.). 4. Күтпеген жерден, төтенше, аяқ астынан, оцыс. Келді бір күн к ү р т індет, қойға тиді топалаң. Ұшты сиыр дүркіреп, Бұтадай, тез отаған (Қ.Бекхожин, Ардагер.). Жанұзақ жалғыз. Кейінгі кезде мұрт-сақалы өсіп, жағы да сорайып, өңі жүдеу тартты. Мүмкін, бұл ауыр жұмыстың, к ү р т қимылдың әсері шығар (Т.Есімжанов, Дала.). 5. ауыс. Морт, оғаш, тоң. Әрине, ол қайсар, бір бет, к ү р т мінезді адам екені белгілі болатын. Бірақ ол мінезін себепсіз көрсеткен емес (С.Бақбергенов, Кентау). Қатты толқыған Махамбет өзін-өзі билей алмай, айналаның бәрін ұмытқандай, орнында әлі тұр. Жүзінде кезек алмасқан к ү р т ашу, мысқыл ыза бар (Б.Аманшин, Жар мұңы). Көк долы, дейді, мені жұрт, Мойындау керек, дұрыс сын. Кейде ашуым тым-ақ к ү р т, Алайда елге ырыспын (Ә.Сәрсенбаев, Миллиард.)