КҮШ

lat: KÚSH

зат. 1. Әл, дәрмен, қуат, қайрат. Лиза бар к ү ш і н жинап, жоғары еңбектеді (С.Ерубаев, Менің құрдас.). Белдесуге к ү ш керек, теңдесуге жол керек («Абай»). Ұйықтаған кезде организм к ү ш і әрдайым қайта қалпына келеді (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.). 2. физ. Бір заттың не бір нәрсенің өзгеге етер физикалық т. б. әсері, ықпалы. Желдің к ү ш і сегіз балл («Қаз. әдеб.»). Соңғы дәрілердің к ү ш і м е н дененің еті босайды, сол мезгілде кеңірдекке арнаулы құралмен резинка түтік тығады (А.Даиров, Хирург.). 3. физ. Энергия, сол энергияның қуаты. Тау биіктеген сайын күн сәулесінің к ү ш і күшейе түседі (Б.Шағыров, Картоп). Электрдің к ү ш і м е н істеліп жатыр байқасам, Сан жұмыстың саласы (Пернедегі терме.). 4. физ. Бір дененің екінші денеге еткен әсерін сипаттайтын шама. К ү ш векторлық шама және ол әрбір уақыт мезетінде сандық мәнімен, кеңістіктегі бағытымен және түсу нүктесімен сипатталады (ҚҰЭ). К ү ш т і статикалық немесе динамикалық әдіспен өлшейді (ҚҰЭ). К ү ш т і ң өлшем бірлігі 1 ньютон (1 Н); ол массасы 1 кг денеге 1 м/с 2 үдеу беретін к ү ш к е тең (ҚҰЭ). // Қиын, ауыр. Қиын болды жүруім, Жығылсам к ү ш тұруым. Көрем десең топқа кір, Қазір мен де, доп та бір (Қ.Мырзалиев, Күміс.). Аттестат толы «үш», оны көтеріп астанаға бару маған к ү ш (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). 5. ауыс. Армия, әскер, қол. Жау екі күннен бері соғысқа барлық к ү ш і н, қару-жарағын салды (Б.Момышұлы, Жауынгер.). Қай жерде қандай к ү ш т е р тұрғанын белгілеп алдық та, төртке бөлініп станцияның төрт жағынан шықтық (Ә.Әбішев, Замана.). Жинап жатыр неміс к ү ш і н, Алдағы үлкен шабуылға, Сол ойларын бұзу үшін, Ұшыратып қырғын ашуға (С.Бегалин, Өлеңд.). 6. ауыс. Өзгелердің көзқарасына, сеніміне, идеологиясына ықпал ете алатын, өзіндік ерекшеліктерімен жақындасқан, біріккен қоғамдық топ; жалпы адамдардың тобы. Соңғы бірер жылдың ішінде әдебиет майданына: шаруадан, жалшылардан, малшылардан, жұмыскерлерден жаңа к ү ш т е р қосылды (С.Мұқанов, Өсу жол.). Қырымызда қаулап қарқын, Біріккен к ү ш жүзі жарқын, Дұшпанға оқ дәні мір. Анамыз жер дегізетін, Иіп емшек емізетін, Мәңгі қарыз сенде тұр (Ү.Кәрібаев, Таңд. шығ.). Мен қисайған ауыздарды емес, соны қисайтқан к ү ш т і көрсетуді мақұл көрдім (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). 7. ауыс. Ауыр салмақ. Ү стінен басқан зіл к ү ш төмен тұқыртып тастады (Т.Шаханов, Жоғалған.). 8. ауыс. Алып, зор күш иесі. Мынауың кім, қарағымау? Жатқан бір к ү ш қой (А.Тоқмағамбетов, Әке.). 9. ауыс. Зорлық, өктемдік. Біреуге өктем іс қылса, Өз к ү ш і м деп ойлайды. Егер күші жүрмесе, Бағанағы жақсының Қылғаны деп қоймайды (Абай, Тол. жин.). Шара қолданайын, керек болса, қайтадан к ү ш п е н апарып салайық! (З.Шашкин, Сенім.). 10. ауыс. Шама-шарық, мүмкіндік. Жат айбынар ісі жоқ, Жау айдынар к ү ш і жоқ, Өз еркіне жіберсең, Еш нәрсеге тоймайды (Абай, Тол. жин.). Бай көріп аң-таң қалды мұның к ү ш і н, Еш адам қылар емес қылған ісін. «Өз қорама алайын, өзің көнсең, Боласың ба қызметші, менің кісім?» (Абай, Тол. жин.). Баспасөз конференциясынан кейін Қазақ ССР өнер қайраткерлерінің к ү ш і м е н үлкен концерт болды (Ә.Шәріпов, Алыс.). Аттарыңды ауыстыр, Тұрғанша бос тартыспен. Сонда өз атым қалсын деп, Шабасыңдар бар к ү ш п е н (Е.Елубаев, Көкпар). 11. ауыс. Шама, күй, бап. Ол күнде нұрлы бейіс ішінде екен, Өзі де періштелер түсінде е кен. Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүріп, Сәлемдесер, сөйлесер к ү ш і н д е екен (Абай, Тол. жин.). 12. ауыс. Құдір ет. Қазақ оқушылары Пушкин өлеңдерінің к ү ш і н, музыкасын, өмірлік мағынасын, сезімділігін түсінді (М.Қаратаев, Туған. әдеб.).