КҮШ-КӨЛІК

lat: KÚSH-KÓLİK

зат. 1. Күнделікті шаруашылықта ауыр жұмыстарға пайдаланылатын мал. Ақын осы атты еңбекші көпшіліктің күнделік тіршілігіне қажет болған к ү ш-к ө л і г іесебінде жырламайды (М.Әуезов, Әр жыл.). Солардың бірі жауыр, бірі қатпа, Сұр жорға ат қазір тулақ, ол енді ат па? Мұнымыз к ү ш-к ө л і к қой, десе шаруа, Зиянкес деді зекіп: «Әкел!... Шатпа!» (С.Сейфуллин, Өлеңд.). 2. инф. Күнделікті шаруашылықта ауыр жұмысты орындау үшін қолданылатын құралдар. Әй, сен де бір жылампая екенсің! Неге сонша зарлайсың?! деді председатель, Колхозда к ү ш-к ө л і к жеткілікті, өздерің ретін тауып жұмсай алмайсыңдар (О.Сәрсенбаев, Жиде.). Трактордың, жылқының және басқа к ү ш-к ө л і к т і ң едәуір бөлегі майданның керегіне берілген болатын (Партия).