Күшейт етістігінің қимыл атауы; нығайту. Қазақстандағы, ең алдымен Ембі, Маңғыстау өңіріндегі мұнай және жанғыш газ түрлерін зерттеуге байланысты геофизикалық зерттеу, геологиялық барлау жұмыстарын барлық жағынан к ү ш е й т у г е тиістіміз (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Қазіргі таңда, әсіресе, елдің рухын көтеріп, отаншылдық сезімін ояту, к ү ш е й т у қажет деп санаймыз («Егемен Қазақстан»). Президент өз Жолдауында 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын нақтылап берді. Олар экономиканы одан әрі ырықтандыру; бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру; экономиканың ашықтығын к ү ш е й т у; индустриалдық инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру; ауылды дамыту бағдарламасын іске асыру; инфрақұрылымды дамыту («Жас Алаш»). Ұйымды к ү ш е й т у м е н бірге клубты түзету, ішіне керекті жабдықты жинау деген мәселе келіп шықты (І.Жансүгіров, Шығ.).