КҮШТЕР ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ

lat: KÚSHTER TEPE-TEŃDİGİ

мемлекеттер арасындағы тепе-теңдікті қарастыратын халықаралық қатынастар теориясының ережесі. ұлттық үкіметтер әрекетінің нәтижесі ретінде және саясаткерлерден тәуелсіз халықаралық қатынастардағы тәртіп ретінде қарастырылуы мүмкін. Күштер тепе-теңдігі халықаралық арасалмақты қалыпты жағдайда ұстаудың басты шарты.