КҮТІМ

lat: KÚTİM

зат. Жан-жануар, өсімдік т.б. жақсы өсіп-өнуі, дұрыс сақталуы үшін жасалатын жағдай, бап. Сол күні сол үйге қонған жолаушылардың к ү т і м і жаман болған жоқ (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Ал бұл түйенің к ү т і м і: шөбі, жемі, қорасы, бағу тәртібі бұрынғыдан әлдеқайда артық (Х.Есенжанов, Көп жыл.). Өсімдіктің гүлдеуі оның к ү т і м і н е байланысты (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.). Салып қақты, түн қатты, «Мал-мал» деді, мал тапты. Байыған сайын к ү т і м жоқ, Бейлі кетті, ант атты (Абай, Тол. жин.). Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, к ү т і м і, сыпайылығы, тазалығы төмен болған (Абай, Тол. жин.).