сын. 1. Күз айындағы, күз мезгіліндегі. Жаздың екінші жартысында жаңбыр-шашын мол болып, к ү з г і суық кеш түскен жылдары жазда егілген картоп әдеттегідей көктемде егілген картоптан да көп өнім береді (Б.Шағыров, Картоп.). Жатақханаға кіреберістегі үлкен стол үстінде хаттар қобыраған к ү з г і жапырақтай төсек боп жатыр (Н.Серәлиев, Қаңтар). Жылы жаққа жол тартып, Сезілген соң к ү з г і ызғар. Туған жерге қош айтып, Тыраулайды тырналар (Ө.Тұрманжанов, Бозша.). 2. Күзге арналған, лайықталған. Жауынгердің үстіндегі к ү з г і киім болатын (М.Жұмағұлов, Қыран.). Жолаушының аяғында к ү з г і етік (Ғ.Мұстафин, Қыр жігіті).