КУБ

lat: KÝB

рек. kybos] зат. 1. геом. Текше (алты жағы да квадрат болып келетін түзу бұрышты геометриялық фигура). К у б т ы кейде гексаэдр деп те атайды. К у б т ы ц қырлары квадрат болады, әрбір төбесінде үш қыры (олар өзара бір-біріне перпендикуляр) түйіседі (ҚҰЭ). Егер дененің сыртқы формасы к у б, цилиндр, шар тәрізді болса, көлемі белгілі формулалар арқылы есептеліп табылады (Кбдіғапаров, Қызық. физ. ). К у б т а р д ы ц, балкалардың және цилиндрдің көлемін табу үшін мысырлықтар олардың табандарының аудандарын биіктіктеріне көбейткен (О.Жәутіков, Математика). 2. мат. Санның үшінші дәрежесі. Олар мұндай теңдеуді шешу әдісіне сандардан жуықтап квадрат, к у б т.б. дәрежелі түбір табу алгоритмін жасау жолымен келсе керек (А.Көбесов, Математика.). Сандық к у б және одан жоғары дәрежелі теңдеуді шешу ашық түрде тұңғыш рет қытай математиктерінде кездеседі (А.Көбесов, Математика.). 3. мат. Көлем өлшеуіш бірлігі. Дүниежүзілік мұхиттардан 519 мың к у б км су буландыруға жұмсаладыалпы биология).