КУБИК

lat: KÝBIK

зат. Төртбұрышты етіп жасалған әртүрлі түсті кішкентай ойыншық текшелер. Екі-үш жастан асқан балаларға к у б и к, қуыршақ, доп, машина, аң сияқты ойыншық сатып әперу керек (Келіншектерге.). Мысалды тез есептеп шығару үшін балалар счетты, есеп таяқшаларын, к у б и к т е р д і пайдаланады («Халық мұғ.»). К у б и к т е р д е н үй жасап, Қызық ойын бастаймын (Ө.Тұрманжанов, Менің кітабым).