КУБОК

lat: KÝBOK

зат. 1. Сәндеп жасалған ыдыс. Осы күні де көркіне көз тоймас вазалар, к у б о к т а р жасалып, жұртшылық тұтынуына беріліп келеді (Н.Нұрахметов, Синтетика). 2. спорт Жеңімпаз спорт шыға, озған командага жүлдеге берілетін әшекейлі ваза, сыйлықтық жоралғысы (атрибуты). Волейболшылары к у б о к т ы жеңіп алғанда команда капитаны Сауранбаевқа « Спорт қа еңбек сіңірген мастер» атағы берілді (« Спорт »). Волейболшы жігіттеріміз екі жыл қатарынан Европа чемпиондарының к у б о г ы н жеңіп алды (« Спорт »). Шымкенттің «Металлург» футбол командасы «Еңбек» ерікті спорт қоғамының к у б о г ы н жеңіп алды («Лен. жас»). 3. спорт Белгілі бір спорт түрі бойынша бәйге, спорт жарысы. Алматыдағы орталық стадионда республика к у б о г үшін финалдық сында Алматының «Қайраты» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары өзара бақтарын сынады («Түркістан»). Кеше «Қайрат» Эстонияның чемпионы «Левадиямен» кездесті. Бүгін Достастық к у б о г ы н ы ң ширек финалдағы ойындары өтеді («Егемен Қазақстан»). Он жылдың ішінде еліміздің боксы керемет қарқынмен өсіп, былғары қолғап шеберлерінің арасынан әлем к у б о г ы н ы ң жеңімпазы, әлем чемпионы, олимпиада чемпиондары және Азия ойындарының чемпиондары шықты («Жас Алаш»).