КУБОМЕТР

lat: KÝBOMETR

зат. Текше көлемін анықтайтын өлшеуіш бірлік, текше метр. Европаның ең көркем қаласы жиырма миллион к у б о м е т р сынық кірпіш үйіндісіне айналды (Ж.Тілеков, От кешу). Күніне бәлен к у б о м е т р жер қазу керек (І.Есенберлин, Айқас). Кеңгірдің суы тоғандалып, қала мен заводтың керектігіне мол жететіндей 135 миллион к у б о м е т р су ұсталынады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).