[лат. coguina] зат. 1. Ас бөлме (ас әзірлейтін бөлме). Біз кірген бөлме, іші жылы кухня екен (С.Мұқанов, Өмір мектебі). Ваннасы мен к у х н я с ы н қоспағанда, шағындау үш бөлмеден құралған кәдімгі қоңырқай пәтердің екі бөлмесі осы (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). К у х н я д а пышақ, вилка даусы естілді (С.Шаймерденов, Болашақ.). 2. Ас дайындайтын жер. Қалада не көп, жекелеген тағамдарды дайындауға маманданған арнайы к у х н я л а р көп (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.). 3. Аспаздың тағамдар жиынтығы. Қытай к у х н я с ы н ы ң сұйық тамағын ішуге қасық, қою тамағын жеуге куайзэ (сапқы) аталатын, ұзындығы бір қарыстай ғана жіңішке екі шыбық беріледі (С.Мұқанов, Алып. адым.).