зат. тар. Құлақ (мүліктік жіктелу нәтижесінде шаруалар ортасынан туындайтын деревня буржуазиясының өкілі). Жергілікті к у л а к т а р ғ а байлықтан басқа дүниенің қажеті жоқ, қаруды қандай жауға болса да сатып жіберуге олардың беттері шылп етпейді (М.Дүзенов, Ант). Оспан қаршадайынан әкесінің соңына еріп, орыс қаласының малын бақты, к у л а к т ы ң суын тасыды (С.Омаров, Дала қызы). Байлардан кейін жалдандым, Бірер жылдай к у л а к қ а (С.Мұқанов, Шығ.).