[лат. cursus] зат. 1. Беталыс, бағыт, бағдар. Капитан сол қолын штурвалдан алды да: Компасты бақылап тұр, манағы к у р с т а н аударма, деді (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). 2. Арнаулы және жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің жекелеген жылдық оқу сатысы. Сақыш пен Гүлжан институтқа бірге түсіп, бір к у р с т а оқып жүр (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Білді ол тек құралда істің еркі, Жетуге жаңалыққа күшті серті. Қазір жүр, сырттан оқып Орал жақтан, Ақырғы к у р с т ы ң ол студенті (Қ.Бекхожин, Үш кезең). Инабат пен ғылымның әр тарапынан хабардарлық жағынан алғашқы күннен көзге түсуге ала бөтен тырысып жүрген бірінші к у р с т ы ң екі студенті қызыл кеңірдек (М.Қабанбаев, Кермек.). 3. Қысқа мерзім ішінде белгілі бір мамандық беретін немесе білімін жетілдіретін орын, мекеме. Бәлкім өнерпаз композиторлар үшін арнайы к у р с т а р ашу керек болар (І.Омаров, Серпін). Әбдірәсіл 1945 жылы алты айлық агрономдық к у р с т а н өтіпті (Абзал жандар). К у р с қ а кетті Шекер де, Трактор айдап қайтады, Көргенін ол да, Теке де, Аңыз ғып ертең айтады (Ж.Молдағалиев, Жесір.). 4. Белгілі бір ғылымның немесе оның жеке бөлімінің баяндалған жүйесі. Электромагниттік, электродинамикалық, индукциялық релелер туралы мәліметтер электротехника к у р с ы н д а берілу керек (К.Айманов, Физика.). Функция ұғымы мектептің бүкіл математика к у р с ы н д а кездеседі, алайда ол балалардың жас ерекшеліктеріне орай ұзақ уақыт ішінде біртіндеп енгізіледі («Қазақст. мект.»). 5. мед. Емдеу жүргізудің толық мөлшері; емдеудің толық циклі, процедурасы. Емдеу теріге және тері астына инемен дәрі жіберу к у р с ы жүргізу арқылы істеледі (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.). Антрабиялық вакқинамен егуді дер кезінде жүргізу керек және егудің толық к у р с ы н өткізу керек (Ж.Сұлтанов, Аурулар.). Сүртінудің 1-1,5 айлық к у р с ы н бітіргеннен кейін, суды құйынып немесе душтың астында тұрып шынығуға көшу керек (Б.Хабижанов, Бала.). 6. әск. Әскери қызметкерлердің дайындығының тәртібі мен мәнін анықтайтын басшылық кұжат (құрал) (Қаз. тілі термин. Әскери.). 7. экон. Қунды қағаздардың сатып алу және сату құны. Ол кездегі ділдәнің салмақтық мәні бізге белгісіз, ал ақша к у р с ы бойынша бұл алтын монеттерді орыс ақшасына шаққанда төрт сомдық күміс ақшаға жуық болады (М.Елеусізов, Шоқан Уәлиханов.). Мысалы, 1994 жылы мамырдың 19 жұлдызында Қазақстан валюта делдалханасындағы кезекті саудасаттықта шетел валюталарының к у р с т а р ы төмендегідей болып белгіленді (Б.Жүнісов, ... Нарық. экон. негіз.). Тіркелген айырбас к у р с ы бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасын орнықтыру және өзгермейтін жағдайда қалыптасатын жүйе болып табылады (Б.Жүнісов, ... Нарық. экон. негіз.).