зат. 1. Қысқа мерзімде мамандық беретін курс тыңдаушысы. Бір күні Костенко екеуміз к у р с а н т т а р д ы ң жатақханасына бара қалдық (Қ.Әміров, Өшп. жұлдыз). 2. Әскери училище оқушысы. Маңдайшада Нұркеннің к у р с а н т кезінде түскен суреті ілулі тұр (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Кремльде жиылды, Бұл күні бар к у р с а н т т а р, іс болар бұл тиімді Темір тәртіп бір салт бар (А.Асылбеков, Әлем.). Алексеевтің қол-аяғы қандай қысқа, бойы қандай мықыр болса, мінезі де сондай шапшаң, ақылы да сондай шолақ еді, к у р с а н т т а р ғ а әкіреңдеп, жоқтан өзгені желеу етіп, тиісіп, шегірткенің айғырындай шелтеңдей беретін (Ә.Тарази, Нұрлы дүние).