КУРТКА

lat: KÝRTKA

ат. curtus] зат. Күрте (жүріп-тұруға ыңғайлы, кеудеге киетін шолақ сырт киім). Жол адамына етік пен шалбар, шолақ к у р т к а жақсы болды (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.). Қарсы алдымнан к у р т к а киген бір жігіт кездесті (С.Мәуленов, Үркер.). Түркістанның аптабы тоздырды, Фрунзенің былғары к у р т к а с ы н (Т.Бердияров, Дауыл.).