[лат. calculatio] з а т е с і м. қ а р ж ы. Өнімнің өзіндік құнын, сататын немесе сатып алынатын бағасын есептеп шығару ісі. Баға к а л ь к у л я ц и я с ы н жасау үшін бұл түсінік фабрикантқа әбден жеткілікті болды (К.Маркс,.. Шығ.). К а л ь к у л я ц и я шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау (Қаз. тілі термин. Су.). Калькуляция жасалған уақытына және арналуына қарай жоспарлы, сметалық, нормативтік және есептік түрлеріне бөлінеді (Қаржы-экономикалық сөзд.).