[франц. calque] з а т е с і м. 1. п о л и г р. Сызбалар мен суреттердің көшірмесін түсіруге арналған түссіз жылтыр қағаз немесе жұқа мата. К а л ь к а – мөлдір тығыз және берік қағаз (Е.Райымжанов, Бастауыш класс.). Шылым қағазы (к а л ь к а) жұқа, мөлдір келеді, ол бір тексті бірнеше дана етіп машинкада басу үшін де қолданылады (Е.Райымжанов, Бастауыш класс.). 2. Осы қағазға не матаға түскен сызбаның, суреттің көшірмесі. Суреттің к а л ь к а с ы н жасап алдым (Ауызекі).