КАЛЬКА

lat: Kálka

бір тілдегі сөзді, не сөз тіркесін басқа тілге құрылыс қалпын сақтап, дәлмедәл аудару. Француз тіліндегі «caique» деген сөзден шыққан. Ол көшірме жасауға ыңғайлы жұқа, жылтыр қағаз немесе селдір мата деген мағына береді. Қалька жасау тәсілі басқа тілдегі үлгі бойынша жаңа сөз тудырғанда пайдаланылады. Мысалы, бесжылдық (пятилетка), қоршаған орта (окружающая среда). Көркем аудармада жеке сөздер мен сөз тіркестерін дәл жеткізуде кейде қажет болуы мүмкін, бірақ ылғи сәтті бола бермейді. Көп жағдайда жасанды болып көрінеді. Әбсеметов М.