lat: Kárez
зат. кəсіб. Балауыз ұяшықтары (сотка).
Балды омартадағы балауыз ұяшықтардан (кəрез) алатыны да баршамызға белгілі (Ол кім? Бұл не? 1, 174).
Сондықтан ол балы бар кəрездерді ашып, араларды азықтандырып отырады (Қазақст. ауыл шаруаш., №5, 1962, 59).
Бал кəрезінің балауызын шайнау да өте пайдалы (Алматы ақшамы, 03. 05. 1991, 5).