Кәріз

lat: Káriz

р. ] з а т е с і м. 1. Жерасты суларын шаруашылыққа пайдалану үшін жерастынан көлбей қазылған арық немесе арна. Ойылып алақаны «к ә р і з» қазып, Бабалар су шығарған жерге жазық. Ол заман өтті­кетті қайырылмас боп. Әлі де су ақпай жүр бойын жазып (А.Тоқмағамбетов, Шағала.). 2. сушар. Жерасты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жерасты суларының ағысы бойынша орналасқан жерасты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап, құбыр, канал арқылы басқа жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату тәсілі. К ә р і з д е р жердің бетімен, оны қазғанда топырақты сырт­ қа шығару және қуысты желдету үшін қосым­ ша құдықтар арқылы байланысады (Қаз.тілі термин. Су.). К ә р і з д е р Орта Азия, Әзірбайжан, Иран және т.б. елдердің тау бөктеріндегі аудандарында ерте кезде таралған, қазір де пайдаланылады (Қаз. тіл. термин. Су.). К ә р і з д і ң ұзындығы бірнеше км­ге дейін, ені 0,7­1,0 м, биіктігі 1,5­2,0 м болады (Қаз. тілі термин. Су.)