Кәсіпкер

lat: Kásipker

з а т е с і м. 1. Белгілі бір кәсіппен айналысатын адам, кәсіпқой мамандық иесі. Ғалымдар мен к ә с і п ке р л е р есебіне қарағанда, жыл сайын әлем көлемінде қара металдың 8–10 проценттейі тоттанып, мүжіліп­, қажалып, бүлініп жатады екен (Ә.Жәмішев, Дала.). Алғашқы кездерде к ә с і п к е р л е р жергілікті халықтан болмашы бағаға тас көмірдің, мыстың, сирек кездесетін металдардың бай кендерін жалға алып немесе сатып алып жүрдіазССР тарихы). 2. ә л е у м е т т і к. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. К ә с і п к е р қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерция­ лық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады (ҚҰЭ). К ә с і п к е р өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға; мемлекеттік кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктің құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға; заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға; заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға [...] құқылы (ҚҰЭ).