з а т е с і м. 1. Кәсіпшілік, шаруашылық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрлі к ә с і п к е р л і к ісі онша маңызды орын алмайтын (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.). 2. э к о н о м и к а л ы қ. Азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда алуға немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. К ә с і п к е р л і к т і азаматтар өз атынан, тәуекелдікке бас тіге отырып, өзінің ұйымдық құқықтық нысаны шегінде заңды тұлғаның (кәсіпорынның) мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады (Қаз. тілі. термин. Экономика.). Жалдамалы еңбекті тартпай жүзеге асырылатын к ә с і п к е р л і к жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі; жалдамалы еңбекті тарту жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі (Қаз. тілі. термин. Экономика.). Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңдық актілерде тыйым салынбаған болса, мыс., коммерциялық делдалдық, сауда, сатып алу, инновациялық, кеңес беру, т.б. қызметтер, сондайақ бағалы қағаздармен жасалатын операциялар к ә с і п к е р л і к к е жатады (Қаз. тілі. термин. Экономика.