э к о н о м и к а л ы қ. Құны кәсіпорынның дербес балансында (бухгалтерлік баланста) көрсетілетін негізгі құрал-жабдық, айналымнан тыс құрал-жабдық, шығын және басқа құндылықтар. К ә с і п о р ы н м ү л к і қолданыстағы заңдарға, кәсіпорынның жарғысына сәйкес мүлік оған меншік құқығында немесе меншіктенуші немесе ол өкілеттік берген орган және қолданыстағы заңдық актілер белгіленген шекте иелену, пайдалану және өкім жүргізу құқығында тиесілі болуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Экономика.). К ә с і п о р ы н м ү л к і н і ң құралу көздері: құрылтайшылардың ақшалай және материалдық жарналары; өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтердің басқа да түрлерінен түскен табыс; бағалы қағаздардан түскен табыс; банктердің, басқа да несиегерлердің несиесі; бюджеттен бөлінетін күрделі жұмсалым мен жәрдемқаржы; қайтарусыз немесе қайырымдылық жарналары, ұйымдардың, кәсіпорындардың, азаматтардың жылулары, басқа да көздері (Қаз. тілі термин. Экономика).