Өмірдің толассыз жəне сабақтастық қызметін атқарушы, өздеріне тəн барлық ағзалардың құрамдас бөлігі. Көбею қабілеттіліктер əр түрлі. Көбеюдің негізінен үш түрі ажыратылған: жыныссыз (қарапайымдыларда – екіге бөліну, шизогония, жоғары сатыдағы өсімдіктер – спора көмегімен), вегетативті (көпклеткалы ағзалардың дене бөліктерінің көмегімен көбею жолдары жəне олардың жеке даралардың қалыптасуы, бүршіктену) жəне жынысты (екі жынысты, яғни ұрықтану нəтижесінде, жəне бір жынысты қыздық – партеногенез). Жыныстық үрдістің болмауының нəтижесінде көбеюдің алғашқы екі түрі жиі жыныссыз деген атқа ие, бірақ табиғаты мен пайда болуы əр түрлі: жыныссыз көбеюде дара жыныстық қатынас дифференцияланбаған бір клеткадан дамиды, ал вегетативті көбеюде жаңа даралар əр түрлі туынды көпклеткалы ұрықтарға бастама береді. Жынысты көбеюге көпклеткалылар ұрықтану үрдісінде зиготаға бірігетін гаметаның түзілуіне алып келеді: осы кезде ДНҚ хромосомасына бекітілген тұқым қуалаушылық ақпараттар бірігеді. Бір клеткалыларда даму циклінде гаметалардың бірігуі даралардың көбеюіне байланысты емес, сондықтан қарапайымдыларға байланысты «жынысты көбею» терминінің орнына «жыныс үрдісін» қолданады. Көптеген жануарлар түрлерінің өмірлік циклі үшін морфологиялық түрлі ұрпақтардың кезектесуіне ұқсас, көбеюдің түрлі формаларының заңды кезектесуі тəн: жынысты жəне жыныссыз, екі жынысты жəне партеногенез, екі жынысты жəне вегетативті. Жынысты (гаметофит) жəне жыныссыз (спорофит) ұрпақтардың кезектесуі сонымен бірге өсімдіктерде де орын алады. Көбеюдің ұзақтығы жəне интенсивтілігі қоршаған ортаға – температураға, күн ұзақтығына, қорекке жəне т.б. əсер етеді. Жоғарғы сатыдағы жануарларда көбею мүшелерінің қызметі тікелей нерв жүйесімен жəне эндокриндік бездермен реттелініп отырады.