Көбею

lat: Kóbeıý

организмнің өзіне ұқсас, өзіне тəн ұрпақ беру процесі. Көбею екі жолмен жыныссыз (вегетативтік) жəне жыныстық жүреді. Жыныссыз жолмен көбейгенде организмнің бір бөлігі үзіліп, одан жаңа дарақ дамиды, ал жыныстық жолмен көбейгенде аталық жəне аналық жыныс торшаларының қосылуынан жаңа организм пайда болады.