Көке, әке, жәке, дәде , папа, тәте

lat: Kóke, áke, jáke, dáde kóne., papa kitab., táte jerg.

Балалы болған жақсы үлкен ер адамды балаларының қарата атауы.

Амангелдінің үлкен ұлы Рамазан көке дейтін (М. Жумағулов).

Абайдың өз әкесі - Құнанбай, атасы - Өскенбай, арғы атасы - Ырғызбай (М. Әуезов).

Жәке, бугін меймандыққа мені epтіп барасың ба? (Б. Соқпақбаев).

Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысынан кейін туылған ұрпақтың өз әке-шешесін ана тіліндегі сөзбен атамай, орысша, мама, папа деп атауы кең етек алып отыр («Ана тілі»).

Кейбір аудан тұрғындарының балалары ескіше «дәде» сөзімен төркіндес «тәте» (дада- дәде-тәте) атауымен қарата атайды («Қаз. әдеб.»).