Көлдік түзілімдер

lat: Kóldik túzilimder

көл түбінде түзілетін және механикалық (малтатас, майдатас, құм, саз), химиялық немесе органикалық шөгінділерден тұратын түзілімдер. Тұщы және ащы көлдер түзілімдері болып бөлінеді. Тұщы көлдерде механикалық шөгінділер жинақталады, олардың арасында көбінесе көлденең қабаттылығы айқын байқалатын ұсақ түйіршікті сазды шөгінділер, сондай-ақ сапропель, гиттия, диатомит басым болады. Жағалау маңында көлді шөп басқан кезде шымтезек түзіледі, олардың дамуының соңғы сатысында көлдің орта шеніне дейін таралады. Тұзды көлдерде негізінен химиялық шөгінділер: табиғи тұз, мирабилит, галит, астраханит, эпсомит және т.б. жинақталады.