Бір нәрсеге бағынып, көнімділік білдіру, ыңғайына көшу. Осыған бағанадан бері тырыспай- ақ көне салсаң да болатын еді ғой (Ә. Шәріпов). Қорлық-зорлыққа мойынсынудан қиын не бар дейсің (Ә. Көшімов). Нұрәлі ақыры өз жүрегінің әміріне бағынуға мәжбүр болды (С. Алдабергенов). Отыр шапшаң арбаға! - деп бұйырып еді, анау оның әміріне бірден бойсұна қоймай, шегіншектей берді (С. Омаров).