Көне қыпшақ жазба ескерткіштері

lat: Kóne qypshaq jazba eskertkishteri

лингв. 11-16 ғ-да көне қыпшақ жазба ескерткіштері тақырыбына, мазмұнына қарай хроникалар, деректемелер, ісқағаздары, жылнамалар, насихаттар, филологиялық зерттеулер рамматика, сөздік, анықтағыш) және дастан, проза түрінде қыпшақ тілінде жазылған еңбектер. К ө н е қ ы п ш а қ ж а з б а е с к е р т к i ш т е р i төрт түрлі жазумен жазылған: готикалық көне жазу («Кодекс Куманикус»), ескі армян жазуырмян колониясының ісқағаздары), араб жазуы (қалған ескерткіштердің бәрі де) және көне ұйғыр жазуы (араб жазуымен жазылған бірліжарым ескерткіштердің кейбір көшірмелері) (Қаз. тілі. энцик.). К ө н е қ ы п ш а қ ж а з б а е с к е р т к i ш т е р i орта ғасырда жасаған қыпшақ тайпаларының сөйлеу тілі мен әдеби тілін көрсететін қазіргі қыпшақ тілдерінің тарихи тамырын және қазақ тілінің жалпы халықтық тіл болып қалыптасу тарихын танытатын аса құнды мұралар (ҚСЭ).