Көне түркі жазба ескерткіштері

lat: Kóne túrki jazba eskertkishteri

т а р. Түркі руникалық жазба ескерткіштері, ҮІІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады (ҚҰЭ). Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насндов т.б. (ҚҰЭ).