КОНЬКИШІ

lat: KónkıSHİ

зат. Конькимен сырғанаушы, коньки жарысына қатысушы. Сусадым, шөлім қанбай, ернім кеуіп, Сауыққа бардым, әнге бердім де ерік. К о н ь к и ш і л е р жарысын кеттім іздеп, жүйрікті озып келген көргім келіп (А.Бақтыгереева, Ақ қанат). Керемет бар деп мұндай кім ойлапты, Алатау төсіндегі мұз ойнақты. Экран алға әкелді. К о н ь к и ш і қыз көтеріп Отан даңқын жұлдызша ақты (М.Әлімбаев, Құрбыма).