Аңдысқан екі жақ әуелі бірін-бірі ықтырып тастағысы кеп, көпе-көрнеу даудан бастады (Ә. Кекілбаев). Енді бірқатар ақын-жазушылар халықты ашықтан-ашық жаңаша оқуға, өнер- білім үйренуге шақырды (Б. Кенжебаев). Ақылда жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек көп надан мойын бұрмас (Абай). Әй, жігіттер, ойланыңдар, осынша көрінеу қарсы шыққан бізге не жақсылық көрсетер дейсің, - деді Тасжан баласы (С. Шарипов).