Көрінеу, көріне, көпе-көрнеу

lat: Kórineý, kórine, kópe-kórneý.

Ашыққан-ашық, көрер-көзге. Ноғайбектің көрінеу өтірік айтқанына күйініп кетсем де, әңгімелеріне араласпадым (Б. Тоғысбаев). Әділ кісі ғой, жарлы-жақыбайға көріне болысады, - деп Хакімді мақтай бастады (X. Есенжанов). Аңдысқан екі жақ бір-біріне ықтырып тастағысы келіп, көпе-көрнеу даудан бастады (Ә. Кекілбаев).