Тұрақты кино қондырғылары жоқ жерлерде фильм көрсетуге арналған шағын қондырғы. К ө ш п е л і к и н о құрамында күшейткіш қондырғы, дауыс зорайтқыш, кино көрсеткі аппарат, ток кернеуін реттеуіш автотрансформатор бар (ҚСЭ). К ө ш п е л і к и н о н ы ң экраны да алып жүруге ыңғайлы (бүктемелі), мөлшері 2,6-1,9 м және 2,0-1,5 м болып жасалады (ҚСЭ). Электр желісі елді мекеннен шалғай тартылған жерлерде кино көрсететін к ө ш п е л і к и н о н ы ң құрамында шағын электр станциясы болады (ҚСЭ).