экон. Дайындаушы кәсіпорындардың өнімін көтере сатып алатын және тауарды тұтынушыларга немесе сатушылар мен сатып алушыларга (тұтынушыларга) өткізуші тәуелсіз коммерциялық кәсіпорындар мен жекелеген тұлғалар. К ө т е р м е с а у д а д е л д а л д а р ы н ы ң негізгі міндеттері: тауарлардың сұрыпталымын көтере сатып алу және қалыптастыру, сауда қызметкерлерін даярлау, өнімді сатып алушыларға жеткізу, олардың нарықтық ақпаратын қамтамасыз ету, коммерциялық несие беру, коммерциялық тәуекелдікті көтеру (Қаз. тілі термин. Экономика). Екінші жағдайда тауарларды тікелей тұтынушыларға немесе бөлшек сауда сатушыларына сатушы к ө т е р м е с а у д а д е л д а л д а р ы ретінде әрекет ететін жеке және заңды тұлғалар арқылы өткізеді (Қаз. тілі термин. Экономика).