Көз ұшында

lat: Kóz ushynda.

Көз көрім жерде; алыста.

Алыстағы тұмандай, Көз ұшында бұлдырап, Кейде саңқыл соқты күн. Тас бұлақтай сылдырап (І.Жансүгіров, Шығ.).

Қарағайға біз жеттік Көз ұшында көрінген, Жеттік те селт көз тіктік Өлік тұр бір керілген (Т.Жароков, Шығ.).

Көз ұшында бара жатыр үш лек, Тұрдым қарап, келді көктем құсы деп. Жұп жазбайды бір-бірінен шіркіндер, Осыдағы махаббаттың күші ме ед? (Т.Молдағалиев, Шақырады.).