Көздің жасы

lat: Kózdiń jasy

а) Адамның әртүрлі көңіл күйіне байланысты көзден шыққан мөлдір тамшы. Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы ол. К ө з і н і ң ж а с ы н тыймай жылап жүріп, зарланып неге әнге салады ол? (Абай, Тол. жин.). К ө з і н і ң ж а с т а р ы моншақтап домалай берді (С.Дөнентаев, Таңд. шығ.). Жырлап өту қиылған қыздың қасын Деп ұғады кей ақын біздің кәсіп. Жанарыма қарама... Нағыз өлең Сөзге айналған мөп-мөлдір к ө з д і ң ж а с ы! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). ә) Біреуден көрген зорлық-зомбылық, қиналыс, азап. Түнеу күнгі қаланы күңірентіп, қан жылап кеткен керейдің көп жігітінің к ө з ж а с ы Жексенбайларды қалай аман жібере қояды...деді Мәмбет (І.Жансүгіров, Шығ.). К ө з ж а с ы, бейшараның маңдай тері Жиылып, байытпайақ қойсын мені. Мал біте ме адамды малдай қылмай, Малдан басқа көрмейтін дәнеңені (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Ер жігіттің маңдай тері, Арулардың к ө з ж а с ы мен күлкісі Абырой мен атақ-даңқтың түр-түсі, Әлемдегі асу бермес ең ұлы іс, Күнделікті жеңіс пен жеңіліс Елге деген махаббаттың безбенімен өлшенер Безбен сынса безбүйректік белсенер. Алдыменен өз жаныңның қайшылығын жеңіп ал Биік ұшқың келсе егер (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ойлаған жастайынан елдің қамын, Көксеген шұғылалы өмір таңын, Ұғынған тар қапаста талықсымай, Халқының к ө з ж а с ы мен көңіл зарын (О.Шипин, Дастан.). б) Арман-тілек, ізгі ти ет. Солайша кетті қырсық өз басымнан, Аз күнде көп қорқытқан «ол жасымен». Қалдым мен аман-есен, ел тілегі, Жар және балалардың к ө з ж а с ы м е н (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Барсың, анам, күлкімде, к ө з ж а с ы м д а, Өмір бойы жүресің өз қасымда. Сенің арқаң арақтан азбасым да, Сенің арқаң атақтан тозбасым да (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Жаңа ашылған гүл едім, Көріне түсіп солам ба? Сізден жәрдем тілеймін К ө з ж а с ы м м е н, ағажан, Күлімдеп көкте жұлдызым Атар ма екен маған таң?.. (О.Шипин, Дастан.).