Көздің жасындай

lat: Kózdiń jasyndaı

1. Тап-таза, мөп-мөлдір. Көздің жасындай мөлдіреген түнгі шық құлпырып, неше түрлі от шашып ойнайды (С. Сейфуллин). 2. Өте аз, болар-болмас, бір тамшы. Қу сараң дәріні көздің жасындай ғана тамызды да қойды (Ауызекі тіл).