Көздің нұры

lat: Kózdiń nury

а) Көздің оты, жанары.

Елуге келген, шашы бурыл тартқан, Көзінің түсі оңып, нұры қайтқан. Жүріс-тұрыс сүйтсе де жас жігіттей, Қуатына жарамас шал деп айтқан (Абай, Тол. жин.).

ә) Көз қуанышы, көңіл хошы, ардақтысы .

Атаға бес жасыңда құлындайсың, Көздің нұры, көңілдің буындайсың. Он жаста ми қатпаған ақылсыз кез, Жақсылық, жамандыққа ұрынбайсың.Найманбаев, Шығ.). Көзімнің нұры жастарым Еркелеп мінген мойныма. Көңіліме қуат жігерім, Жырлайын шаттық тойында. Елімнің өңкей қыраны Жігерім сендер бойымда.Әзірбаев, Таңд. Шығ.).