Көздің қарашығындай

lat: Kózdiń qarashyǵyndaı

Өмірінің мәні, бары. Қ а р а с ы н д а й к ө з і м н і ң, сәулем едің, Бастан кешкен баяғы дәурен едің. Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен, Не сиқырмен басымды әуреледің? (Ә.Найманбаев, Шығ.). Осы боп тұр бас қайғым. Білесіңдер өздерің Қ ар а ш ы г ы н д а й к ө з і м н і ң, Жарасымындай жарқын, жалын кезімнің, Қажығанда болған қайрат, дәрменім, Сүйенішім жалғыз қызым бар менің (М.Шаханов, Ғасырлар.). Қар аш ыг ы с екіл д е н г е н к ө з і м н і ң, Жайық қалқам, қызым қалып барады. Егер тағдыр қосам десең, өзің біл, Ал әйтпесе, қарындасың болады (М.Шаханов, Ғасырлар.). Өзенін, елін қорғаған Қ ар а с ы нд а й к ө з і н і ң. Арқадан қағып ардақтап Сүйді Тобыл өз ұлын (С.Мәуленов, Алыс к ет. ).