Көзі күлді

lat: Kózi kúldi

Жымыңдап күлімдеді. Қаматайдың ақ жүзі бал-бұл жанып, еті жұқа әдемі ат жағында, оймақ еріндерінің құйылысында нұр ұялап, к ө з д е р і к ү л і п отыр екен (Ж.Жұмақанов, Үш бәйтерек.). Оһо! деді ол бұларды көріп таңданып: Қашып жүрсең де қуып жеттік қой! деді Раушанның өзі күлмесе де, к ө з і к ү л і п (З.Шашкин, Сенім).